Құқық

Ашық әңгіме өткізді

Сот

Облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай өңір тұрғындарымен интернет-конференция өткізді.

Шараның негізгі мақсаты — сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен диалог орнатып, сот қызметі туралы халықты ақпараттандыру.

Өткізілетін шара туралы алдын ала облыстық соттың ресми сайты арқылы хабардар етілді.

Интернет-конференция барысында оннан астам сұрақ түсті. Атап айтқанда сот актілерін орындау, ортақ мүлікті бөлу, жұмысқа қайта орналасу мәселелері, сондай-ақ, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану жайы қозғалды.

Интернет-конференция барысында облыстық сот төрағасы барлық сауалдарға заңға сәйкес нақтылы жауап берді.

 Н.ДӘУІРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button