ЖаңалықтарЭкономика

Зерттеу нәтижесі — жоғары рейтинг

Республиканың сегіз аймағы қатарында біздің облысымызда да «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингі жобасы енгізілуде.

Бүкіләлемдік банк сарапшылары мемлекеттік органдардан бұл рейтингтің төрт индикаторы: кәсіпорынды ашу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу және тіркеу бойынша мәліметтерді жинауды жүзеге асырды.

Рейтинг Астанада, Алматыда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Павлодарда, Қостанайда, Шымкентте және Өскеменде өңірлік мемлекеттік мекемелердің, компаниялардың өкілдері мен кәсіпкерлерге сауалнама ұйымдастыру арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша жоғары рейтинг Ақтөбеде, Алматыда және Қостанайда атап көрсетілді.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов «Doing Business» рейтингі индикаторларын жақсартуға байланысты жиын өткізіп, сондай-ақ онда қолайлы бизнес-орта құрылымдау үшін рұқсат беру процедураларына тексеру жүргізу жөнінде әңгіме қозғалды.

Пилоттық жобаға қатысушыларға қойылатын басты талап — бизнесті жүргізудің қол жетімділігі және ашықтығы. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметкерлері барлық рұқсат беру процедураларына тексеру жүргізіп, мерзімді, құжаттар санын барынша оңтайландыруы, қосарлы жұмыстарды жойып, сондай-ақ барлығын электронды форматқа көшіруі тиіс.

Атап өтетін бір жай, биылғы жылы «Сандж» зерттеу орталығы ҚР өңірлері мен қалаларының бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтинг өткізеді. Жиырма бес мың және одан да көп тұрғындары бар қалалар қатарында оған Қандыағаш, Хромтау және Шалқар қалалары қатысады.

 Муапық БОРАНҚҰЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button