Білім

Мұғалімдер мен ата-аналардың облыстық слеті өтті

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында мұғалімдер мен ата-аналардың облыстық слеті өтті. Слетке арқау болған тақырып — «Отбасы мен мектеп арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың заманауи түрлері мен тәсілдері». Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері мен жоғары оқу орындарының  оқытушылары, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ювеналды полиция бөлімінің мамандары қатысты.

Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, отбасы, мектеп және қоғам күшін біріктіру, жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері көтерілген шараны облыс әкімдігі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының Ақтөбе филиалы ұйымдастырды.

Мақсат — мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтудың тұжырымдамасын әзірлеу, маңызды мәселелерді анықтау және жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарын белгілеу.

Жиында отбасындағы бала тәрбиесі мәселесі де сөз болды. Бұл орайда «Мерейлі отбасы» байқауының соңғы екі жылдағы жеңімпаздары көпке үлгі ретінде айтылды.

Сондай-ақ, жиында инклюзивті білім беруді дамыту, жемқорлыққа қарсы және құқықтық тәрбие беру мәселелері көтерілді, шебер кластар көрсетілді. Ата-аналар комитеті төрайымдары, педагогтар бір-бірімен тәжірибе алмасты.

 А.НҰРБАЕВА.   

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button