ЖаңалықтарҚұқық

Басты бағыттар бойынша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында облыстық сотта дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл шараға облыстың тергеу судьялары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы аудандық соттардың төрағалары мен тергеу судьялары қатысты.

Облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай тергеу судьяларының өкілеттілігін кеңейту  заң үстемдігін қамтамасыз етуде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асырудағы басты бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Тергеу судьясы өкілеттілігі біртіндеп кеңейтілуде, қазіргі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олардың өкілеттілігіне тергеу амалдарының 16 сұрағын санкциялау кіреді.

Биыл шілде айында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданды.

Қылмыстық-процестік Заңға енгізілген өзгерістер бойынша күзетпен ұстауға санкция беруге байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу судьясы көрсетілген адамға қылмыс жасады деп күдік келтірудің негізділігін тексеру керектігі талап етілген.

Осыған орай, облыстық соттың бастамасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Облыстық соттың судьясы Нұриля Сатыбалдина енгізілген өзгерістерге нақты тоқталып, сондай-ақ, қылмыстық қудалау органдары тарапынан процестік заңнама  талаптарының бұзылуына жол берілген кемшіліктер туралы атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында тергеу судьяларының назарына жадығаттарды қайта рәсімдеуге жіберу фактілерін жою, күзетпен ұстау туралы санкциялауға қатысты өтініштерді қарау кезінде күдіктіге психикалық немесе күш көрсету туралы хабарға әрекет ету шараларын қолдану қажеттілігі туралы жеткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының бірінші басшыларына заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтап, дөңгелек үстел барысында аталған заң бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау, сондай-ақ нақты іс-шара қабылдау ұсынылды.

Н.ӘБДІЛДАҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button