Мәдениет

Нұрлыбек Қалауов — бірінші орын иегері

Өткен аптада Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының 25 жылдығына арналған республикалық шығармашылық байқауда белгілі ақын Нұрлыбек Қалауов «Ең таңдаулы поэтикалық шығарма» номинациясы бойынша І орынға ие болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына орай биылғы жылы сәуір айында жарияланған байқауға еліміз бойынша әр өңірден 500-ге жуық адам қатысқан.

Ақтөбе облысының намысын қорғап, шығармашылық байқауда үздік атанған Нұрлыбек Қалауов марапаттау рәсімінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің қолынан арнайы диплом мен ақшалай сыйлық алыпты.

  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы Астанадағы «Номад» спорт кешенінде өтті. Байқау екі номинация шығармашылық және спорт саласы бойынша өткізілді. Шара аясында спортшылар спорттық сайыстарға қатысып, жеңімпаздар марапатталды, — дейді Н.Қалауов.

Ақынды жүлдесімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

Д.ҚАЗИХАН.  

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button