АуылБілім

Жаңа мектеп ашылады

Ырғыз ауылдық округіне қарасты №1 бөлімшесі — орталыққа қол созым жерде болса да, көптеген түйінді мәселелері бар елді мекен. Әсіресе, бұрын салынған мектеп үйі ешқандай сын көтермейтін еді.

Үстіміздегі жылы бөлімше орталығында 100 орындық мектеп ашылмақ. Құрылыс алаңынан осы жұмыстарды жүргізіп жатқан «САҚ групп» ЖШС-ның басшысы  Қалиолла Саринді кездестіріп, сөзге тарттық:

Жұмыс қарқыны жаман емес. Егер барлығы ойдағыдай болса, 1 қыркүйекте пайдалануға береміз. Құрылыста 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның жиырмасы жергілікті тұрғындар болса, қалғаны — басқа жерден келген жұмысшылар. Оларға арнайы үй жалдап, жағдайларын жасап қойдық, — деді ол.

Шындығында да, шаңқай түсте қырықтан асып кеткен ыстыққа қарамастан, құрылыс басында қыбырлап жүрген жігіттердің қимылы көз қуантарлық. Алдағы оқу жылында оқушылар жаңа білім ордасының табалдырығын аттайды деген сенімдеміз.

Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button