Білім

Бастауыштың бағдары

Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен  қала мектептерінің 2-4 сынып оқушылары арасында  танымдық апталық өтті.

Мұндай шараны өткізудегі мақсат — төменгі сынып  оқушыларының танымдық қабілетін арттырып, сауатты жаза білуге, дұрыс есептеуге машықтарын дамыту.

Апталық барысында 2-сынып оқушылары  тіл сабақтарынан мәтінді сауатты да көркем көшіріп жазудан, 3-сынып оқушылары математикадан көпдеңгейлік тапсырмаларды орындаудан, 4-сынып оқушылары дүниетану пәнінен кішігірім жобаны қорғаудан сайысқа түсті.  Мысалы, №6 мектептің 4-сынып оқушысы Ғ.Байдрахманов  өз жобасын мектеп жанында пайда болатын қоқыстармен күреске арнаған.

Сайыстың жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды. Мерекелік сыйпатта өткен  шараға оқушылар мен ата-аналар ризашылықтарын білдірді.

Қ. РАХАТОВА,

Ақтөбе қалалық  ғылыми-әдістемелік

орталықтың әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button