Білім

Тәжірибе сотпен аяқталды

Жақында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжінің 3-курс оқушылары облыстық соттар әкімшісі мен облыстық жергілікті соттарында оқу-танысу тәжірибесінен өтті.

Тәжірибеден соң оқушылар облыстық соттар әкімшісінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы, тәжірибе жетекшісі Айнұр Аймағанбетованың жетекшілік етуімен есеп беру конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияда болашақ заңгерлер тәжірибе кезінде алған білімдері негізінде көшпелі сот отырысын сахналады. Қорқытып, тартып алу туралы көрініс өмірде болған оқиға желісінде әзірленді. Сот процесі әдеттегідей «Тұрыңдар, сот келе жатыр!» деп басталды. Бәрі орнында: мантия киген сот, қорғаушы, айыптаушы, сотталушы, куәгерлер. Бір айырмашылығы, рөлдерде — студенттер.

Кеш соңында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің және көпсалалы колледждің оқытушылары сөз сөйлеп, шәкірттерінің білікті маман болатындарына сенім білдірді. Колледж ұжымы тәжірибе жетекшісі Айнұр Құранияқызының еңбегіне табыс тілеп, ризашылықтарын айтты.

Аида ЖҰБАНОВА,

көпсалалы колледж оқушысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button