Жаңалықтар

Журналистерге құрмет

Ақпан айының ішінде сексеннің сеңгіріне шыққан Кәдірбай Бекмағамбетов пен алпыс жасын қарсы алған Жанғабыл Қабақбаев — облыстық газеттің бұрынғы қызметкерлері. Олардың бір кездегі газет бетіндегі қолтаңбалары оқырман қауымның есінде болса керек.

Ұжымда ұзақ жылдар қызмет атқарған осы журналистерді облыстық газеттердегі бүгінгі әріптестері де ұмытқан жоқ. Алдыңғы күні мерейтой иелерін және ұзақ жылдар облыстық қазақ газетінде редакторлық қызмет атқарған Нұрқайыр Телеуовті ұжымға шақырып, кездесу өткізді. Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерін басқаратын «Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейірхан Ақдәулетұлы мерейтой иелерін құттықтады. Оларға серіктестік ұжымының атынан құттықтау хат тапсырды. Түрлі түсті теледидар сыйлады, басқа да лайықты құрмет көрсетілді.

А. ҚАЗЕКЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button