Мәдениет

«Молдабайдың әні» оркестрге түсірілді

Ахмет Жұбанов атындағы халық аспаптары оркестрі Астанада өткен V «Серпер» республикалық фестиваліне қатысты.

«Серпер» халық аспаптары оркестрлерінің фестивалі елімізде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы фестиваль ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымовтың шығармашылығына арналды.

Ахмет Жұбанов атындағы халық аспаптары оркестрі — облыстық филармонияға қарасты ұжым. Биыл бұл ұжым фестивальға ұйымдастырушылардың, яғни Астана қаласы әкімдігінің арнайы шақыртуымен барды. Ахмет Жұбанов атындағы халық аспаптары оркестрі фестиваль аясындағы басты концерттерде өнер көрсету құрметіне ие болды. Олардың бірі «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда өтті, мұнда төрт ұжым — ақтөбелік оркестрмен қатар, қарағандылық Тәттімбет атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі, сондай-ақ, Бішкек пен Ресейдің Новосибирск қаласынан келген халық аспаптары оркестрлері — өнер көрсетті.

«Серпін» фестиваліне ақтөбелік ұжымның жаңалықпен барғанын айта кеткіміз келеді. Бұл жолы көрермендерге тұңғыш рет әйгілі «Молдабайдың әнінің» оркестрге түсірілген нұсқасы ұсынылған.  «Молдабайдың әнін» оркестрге түсірген — Бауыржан Ақтаев.

А. Жұбанов атындағы халық аспаптары оркестрінің ұжымы Астанадан ұйымдастырушылар мен көрермендердің ризашылығына бөленіп қайтты.

А. Сарыбай.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button