Ресми

Қобда ауданының күндері өтіп жатыр

Ақтөбе қаласында «Туған жерім нұрлы елім» акциясы аясында  Қобда ауданының күндерін өткізуге арналған іс-шаралар бағдарламасы

Бүгін, яғни 21 шілдеде Ақтөбе қаласындағы қобдалық тұлғалар атындағы көшелер мейрамы ұйымдастырылады.

10.00. — «Халқымның қарапайым бір ұлымын» атты Алтынбек Әкімжанов көшесінің мерекесі;

10.30. — «Жауға атылдым он тоғызда оқ болып…» атты Абдолла Жанзақов көшесінің мерекесі;

11.30. — «За счастье Родины!» тақырыбында Михаил Прохоров көшесінің мерекесі.

12.00. —  «Ардагерлерді ардақтайық!» атты облыстық  қарттар үйіндегі  қарияларға  қамқорлық акциясы —  «Құрметке лайық жандар» атты мерекелік  концерт;

15.00. —  Облыстық филармонияда «Ұлы Қобда — батырлар мекені»  атты әндер байқауы;

17.00. —  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  25 жылдығына, ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай  Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімнің  сарбаздарымен кездесу. «25 жыл —  Ел Тәуелсіздігін қорғауда!» атты  мерекелік  кеш.

20.00. —  «Қобыланды батыр» стадионында, спорт мектебінде футболдан, волейболдан қала және аудандық мемлекеттік  қызметкерлер арасындағы жолдастық кездесу.

22 шілде

9.00. —  «Табыс» коммуналдық базарында ауданның ауылшаруашылық  өнімдерінің  жәрмеңкесі.

10.00. —  «Әлия — ерліктің мәңгі алауы» Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова даңғылы мерекесі ұйымдастырылады.

Мереке бағдарламасы:

— «Салауатты ұрпақ — ел болашағы». Ә.Молдағұлова даңғылында орналасқан мекемелердің қызметкерлері мен көше тұрғындарының қатысуымен велошеру:

— «ЦУМ» сауда кешені алаңында  «Спорт — достық көпірі» атты ұлттық спорттық ойындардан жарыстар /қазақша күрес, гір көтеру, қол күрес, арқан тарту/;

—  «Құт-береке дарыған Қобда» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі;

11.00. —  Кеңес Одағының Батыры  Ә.Молдағұлова  ескерткіші  жанындағы мәдени шаралар:

—  «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» атты митинг;

— Гүл шоқтарын қою рәсімі;

— «Жүректен — жүрекке» мейірімділік  акциясы (су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға, көшенің құрметті азаматтарына,  мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасыларға, Батыр аналарға құрмет көрсету);

— «Әлия — ерліктің  дастаны» атты би композициясы.

19.30. —  Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта «Киелі Қобда елі» атты театрландырылған композициялар, мәдени-бұқаралық шаралар бағдарламасы:

— «Ерлікке тағзым — ұрпаққа парыз» атты жастар флешмобы;

— «Көкөніс кереметтері» атты көрме;

—  Бауырсақтар фестивалі;

— «Жаңғырған қымызмұрындық дәстүрі» атты қымыз түрлерінің көрмесі;

«Кім күшті, кім мерген?» ұлттық спорт ойындары /қазақша күрес, арқан тарту, асық ату, тир, фитнес клуб ойындары/;

— «Достығымыз жарасқан!» атты  ауданда тұратын  ұлттар мен ұлыстар  өкілдерінің  салт-дәстүрлері;

— «Ата-баба дәстүрі — асыл қазына» атты қобдалық шеберлердің қолөнер бұйымдарының көрмесі;

—   «Ғажайып аренасы» шетелде жүрген қобдалық азаматтардың цирк өнері;

—  Ресей Федерациясы көршілес Соль-Илецк ауданының орыс халқы мәдениетінің көрмесі;

— «Қобда — рухани жаңғыру жолында» атты көрмелер композициясы:

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне  сыйы ретінде қобдалық жастардың дайындаған ғылыми жұмыстары;

— «Туған өлке — тұнған шежіре» ашық  аспан астындағы мұражай;

Аудандағы тың серпілістер: экран арқылы  аудан орталығында ашылатын «Отан-Ана» демалыс саябағынан және атқарылып жатқан жұмыстардан көрініс;

— Қобдалық эстрада жұлдыздары мен көркемөнерпаздарының гала-концерті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button