Құқық

Қырағылық

«Ішкі істер органдарында қызмет ету —  батылдықты, табандылықты, қызметтік борышқа деген адалдық пен жауапкершілікті, әділдік пен шындықты талап етеді», — дейді полиция аға лейтенанты Саламат Сапаров.

Өткен жылы адам өлімі болған оқиға кезінде қырағылық танытып, күдіктіні дер уақытында қолға түсірген Саламат қызметтік міндетті адал атқарғаны үшін ҚР ІІМ ӘПК-нің Алғыс хатымен  марапатталды. Бұған дейін де ол жұмыстағы  қырағылығы үшін бірнеше рет министрлік пен департаменттің мақтау қағазы және дипломдарымен марапатталған болатын.

Жедел ден қою взводының қызметкерлері қала көшелері мен шағын аудандардың тыныштығын сақтау мақсатында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қызметкерлердің барлығы да өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бір ғана мысал, биыл ақпан айының басында Сәңкібай батыр даңғылының бойында жеңіл автокөлікте ұрлық болғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Тонаушылардың ерекше белгілерін орталық қайта-қайта хабарлап жатты. Біз дереу айтылған мекен-жайға бет алдық. Оқиға орын алған жерге тез  жеткенмен күдіктілер ізін суытып үлгеріпті. Бірақ көп ұзамай ағайынды Жұбановтар көшесі мен Ә. Молдағұлова даңғылының қиылысында орталық берген белгілер бойынша күдіктілерді қолға түсірдік. Тергеу кезінде олардың үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Яғни, олар бір күнде «Ауди-100», «Митцубиси-Паджеро», «Раф-4» және «Хундай» көліктерінің терезелерін сындырып, екі ноутбук, ұялы телефон, қол сөмке, бейнебақылау, ақша және автокөліктердің жеке заттарын ұрлағандығы анықталды, — дейді Саламат Сапаров.

Саламаттың өз ісіне жауапкершілігі мен қызметтегі тәжірибесін ескерген басшылық 2005 жылы жедел ден қою взводының командирі қылып тағайындаған болатын. Саламаттың еңбекте батылдығын қызметтестері де жоғары бағалайды. Взводтағы жас полицейлерге әрдайым өзінің тәжірибесінен түйген ойларын айтып, көмектесуге әзір тұрады. Ол басқарып отырған взвод жыл басынан бері 42 қылмыс ашты.

Жаңылдық ОТАРАЛИЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button