Білім

«Шынар» мектепке барды

Жуырда №29 орта мектепте гендерлік теңдік стратегиясын таныстыру мақсатында семинар өтті. Шараны өткізуге «Шынар» гендерлік білім беру орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды.

Семинарға 10-сынып оқушылары қатысты. Аталған бірлестіктің төрағасы Сәуле Дощанова оқушыларға гендерлік теңдік стратегиясының мақсаты мен міндеті туралы түсіндірді. Оның ішінде аталған мәселеге қатысты заңнамаларға тоқталды. Елімізде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Ал өз кезегінде оқушылар сұрақ қойып, ойларын ортаға салды.

К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button