Ресми

Әйтеке би ауданының күндері өтеді

2017 жылдың 14-15 шілдесі күндері Ақтөбе қаласында өтетін «Туған жерім — нұрлы елім» атты Әйтеке би ауданы күндерінің мерекелік іс-шаралар бағдарламасы

 14.07.2017 жыл.

10.00-12.00 — Ақтөбе қаласындағы Әйтеке би көшесінде өтетін «Аталы сөз иесі Әйтеке би» атты көше мерекесі.

14.00-18.00 — Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залы. «Ғасырлар жырлайды» Балқы Базар жырау мен Бұқар жырау шығармашылығына арналған облыстық термешілер байқауы.

19.00-20.30 — Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театры. Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» пьесасының қойылымы.

15.07.2017 жыл.

9.00 – 13.00 — «Табыс» коммуналдық базары. Азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі.

11.30-13.00 — Ақтөбе қаласында болған су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көрсетілетін «Шын жүректен» қайырымдылық акциясы.

14.00-16.00 — М.Құрманалиннің 90 жылдығына арналған «Нұрлы жол жұлдыздары» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы.

Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы

18.00-22.00 — «Руханият жүрегі – жәдігер» атты тарихи-мәдени ескерткіштер көрмесі.

Қолданбалы қолөнер шеберлерінің «Қолөнер-зор әнер» атты шеберлік класы.

18.00-22.00 — «Өрелі, өрісі кең Әйтеке би» атты жылжымалы кітап көрмесі.

18.00-22.00 — «Бірлігіміз жарасқан» атты ауданда тұратын өзге ұлт өкілдері дастарханы мен өнері.

18.00-22.00 — Қазақша күрестен «түйе палуан» сайысы.

20.00-22.00 — «Егеменді елдің сырлы сазы» атты сазды бағдарлама.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button