Құқық

Өрттен сақтаныңыз!

Қаңтар айында облыс аумағында 25 өрт оқиғасы болды. Өрт салдарынан  екі  кісі  жарақаттанып,  бір адам қаза тапты.

Сақтық  үшін әркім өрттің себептерін есте сақтаған жөн. Бөлме ішінде жалынды от қолдануға болмайды. Тұрмыстық химия заттарын, тез тұтанатын сұйықтықтарды  қолдану барысында салғырттыққа жол бермеген дұрыс.  Балкон, сарай, гараж  — өрт туындау қаупі жоғары орындар.

Желілерге шамадан тыс ток жүктемелері түскенде, яғни жарақсыз электрлік аспаптарды немесе ашық спиральдары бар аспаптарды қолданғанда өрт болуы мүмкін.

Сонымен қатар үй жылыту пештерін қараусыз қалдыру, оларды тез тұтандыру үшін сұйықтықтарды қолдану да — өртке себеп.

Балаларды үйде бақылаусыз қалдыруға болмайды. Ересектер сіріңке, тұтандырғыштарды балалардан жасырып қоюы тиіс.

Жалпы, өртке себеп болатын жағдай өте көп. Сондықтан әр кез қауіпсіздік талаптарын орындаған дұрыс. Яғни, үйден шығарда барлық электрлік аспаптардың ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Газ шығу көздерін жабыңыз. Пәтер терезелерін жабуды да ұмытпаңыз. Себебі, терезелерден тасталған темекі тұқылдарының желмен көрші пәтерлер терезелері мен балкондарына түсуі  мүмкін.

Өрт кезінде дереу өртке  қарсы қызметті («101» нөмірі) шақырыңыз. Диспетчерге елді мекен, көше, үй немесе пәтер нөмірін, қабатын толық айтуды ұмытпаңыз. Сонымен бірге өрт болған орынды (пәтер, шатыр астын, жертөле, дәліз, қойма), аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді де айтқан дұрыс.

Өртті қолда бар құралдармен (су, қалың сулы мата) сөндіріңіз. Өрт сөндірушілерді оқиға болған жерге тура жеткізетін жолды көрсетіңіз.

Өрт кезінде салқынқандылық танытудың да көмегі көп.

Облыстық төтенше жағдайлар  департаментінің

төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button