Мәдениет

Оқырмандар жазда не оқиды?

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының 

қызметкерлері «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында  қала  тұрғындарына арнап  «Жазғы оқу залдары» жобасын  іске  асырды.

Маусым айынан бастау алған жобаға облыстық, қалалық,  аудандық  кітапханалар  атсалысты. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев  атындағы  орталық  мәдениет және демалыс саябағында, сулы-жасыл гүлзар  алаңында, Абай даңғылы бойындағы демалыс саябағында, жазғы  лагерьлерде  «Жазғы  оқу  залдары» жобасы бойынша  әдеби-вернисаж, жаңа кітаптың тұсаукесері, буктрейлер, буккроссинг, кітап көрмелері, виртуалды саяхат, библиодесант, акциялар, флешмобтар, журналкроссинг, викториналық ойындар, тағы да басқа шаралар  ұйымдастырылды.

Әр сенбі сайын кешкі сағат 18.00-21.00 аралығында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында өтетін  кітапханамыздың жазғы оқу залына жалпы қала тұрғындарын, жастарды   шақырамыз!

           Айгүл  ҚЫРЫМҚҰЛОВА,

С.Бәйішев атындағы облыстық

әмбебап-ғылыми кітапханасы

директорының орынбасары.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button