Денсаулық

Емханалардың өзекті шарасы

Сақтандыру

Алда елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлт Жоспары — бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» 80-қадамына байланысты және денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.

Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты. Дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайлар, ұтымды және жақсы мүмкіндіктер жасап отыр. Ендігі жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ. Сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Бұл бағытта әр емханаға үлкен міндет жүктеледі. Мәселен, біздің №3 қалалық емханаға тіркелген емделушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы толық мәліметтерді арнайы байланыс нөмері арқылы немесе менеджерден өз мәртебелерін анықтап отыр. Осы таңда емханаға келіп өз мәртебелерін анықтап, тіркелген 32 мыңға жуық, ал байланыс телефоны арқылы 2000 азамат ақпараттанды. Азаматтар тарапынан медициналық сақтандырудың қаншалықты өзектілігі, қажеттілігі және олардың құқығы мен міндеттері қандай деген сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар мектептер мен балабақшалар ұжымы атынан ақпарат алу туралы сұраныс болып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Телеарналардан жүгіртпе жолдары жүргізілді, Сауда орындарында бүктемелер таратылды. Азаматтардың бұқаралық ақпараттардан алған мәліметтерді дұрыс қабылдап, оны жақсы түсінгендері және медициналық сақтандыруды құптайтындықтары қуантарлық жағдай.

№3 қалалык емханада тіркеуде тұрған азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпаратты және өз мәртебесін анықтауды 73 -32- 26 байланыс телефоны арқылы  немесе емхана менеджерінен алуға болады.

  Ж.ҚАРАҒҰЛОВА,

менеджер.  

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button