Мәдениет

Алғаның аруы топ жарды

Алға ауданының жас өнерпазы Ару Шоқанова жақында өткен облыстық «Жас дәурен — 2017» балалар мен жасөспірімдер ән байқауының гран-при иегері атанды.

Ару жас болса да, көптеген республикалық, облыстық байқауларда топ жарып жүр. Атап айтсақ, 2012 жылы Астанада өткен «Жұлдызай» ән байқауында лауреат атанып, 2015 жылы Алматыда өткен «Ғұмырдария» ән байқауында гран-при иеленді. Жуырда Ақтөбе қаласында өткен облыстық «Жас дәурен — 2017» ән байқауында жеңімпаз болды. «Көкке өрле», «Аққұм», «Қорқыт-Қобыз» әндерін нақышына келтіре, еркін шырқаған алғалық Аруға қазылар алқасы жоғары баға берді. Бұл тұрғыда жас дарынды әншілік өнерге баулып жүрген жетекшісі Жұбан Айтмағанбетовтың еңбегі орасан зор. Ару да ұстазының үмітін ақтап, болашақта зор жетістіктерге қол жеткізетініне сенеміз.

Жанна ДӘУЛЕТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button