Ауыл

Жомарттың жолы болар

Бизнестің әлеуметтік жағына көп көңіл бөлініп жүр қазір. Облыс әкімінің бастамасымен жер-жерде жүргізіліп отырған «Туған жерге тағзым!» акциясының да мақсаты сол. Осы шараның арқасында елден шыққан талай бизнес иелері мен кәсіпкерлер өзінің туған жеріне мойын бұра бастады. Ал белгілі кәсіпкер Талғат Салфиков болса, өзінің туған жеріне көмек көрсетуді біраз жылдан бері серік етіп келеді. Оның ірі көлемде қаржылай жәрдем беруімен әр жылдарда аудан орталығының көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, саябақтар салынды. Ол мәдениет, білім салаларын өркендетуге де өз үлесін қосты.

Әсіресе, жомарт жүректі Талғат Маратұлының  бір кезде өзі оқыған Ойыл қазақ орта мектебіне беріп жатқан жәрдемі ұшан-теңіз. Тек биылғы жылы Талғат мырза осы аталған мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млн 200 мың теңге қаржы берді.

Әрине, кәсібін жолға қойған кәсіпкерлердің де өз мақсат-мұраттары бар, көздеп отырған түрлі жоспар-жобалары бар. Жалпы, қазіргідей дағдарыс салқыны тиіп тұрған кезде артық қаржы қайда бар? Талғаттың да туған жері үшін жомарттық танытатынын жерлестері де жақсы түсінеді, қадірлеп, ардақ тұтады. Елдің тілегі кәсіпкерді ілгері жетелейтіндей. «Жомарт жүрекке иман қонар, жомарт қолға аспандағы лашын қонар» деп халқымыз бекер айтпаған ғой. Әрқашан да жомарттың жолы болар.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button