Білім

Ұлыбританияға жолдама алды

Облыстық білім басқармасының атсалысуымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Ұлттық зияткерлік меншік институты ұйымдастырған көлік саласындағы үздік жоба байқауының іріктеу кезеңі өткен болатын.

Байқау оқушы балалар арасында ұйымдастырылып отыр. Іріктеу кезеңіне ағылшын тілін және физика пәнін терең меңгерген, техникалық шығармашылыққа бейім 8 оқушы қатысып, төртеуі жоғары нәтиже көрсеткен еді. Олар — дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының, Ақтөбедегі №21 мектеп-гимназияның оқушылары. Жуырда олар Астанадағы Назарбаев Университетінде өткен қорытынды айналымға қатысып келді. Қорытынды айналым ұлыбританиялық Крэнфилд университеті өкілдерінің қатысуымен ағылшын тілінде өтті. Нәтижесінде, Ақтөбе облысының командасы 6-13 тамыз аралығында Ұлыбританияда өтетін ақтық кезеңге жолдама алды. Бұл кезеңге Қазақстаннан екі команда қатысады. Біздің облыстың командасы солардың бірі болып отыр.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button