Құқық

Cақтандыру уақыты өзгерді


«Doing Business» рейтингі шеңберінде «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына өзгерістер енгізілді. Бұрын жұмыс беруші мемлекеттік тіркелген сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде сақтандыру шартын жасасуға міндетті болған болса, қазіргі уақытта жұмыс беруші қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуы керек.

2016 жылғы «Doing Business» рейтингі бойынша Қазақстан реформаны уақытылы жүзеге асырған мемлекет ретінде аталды. Он бағыттың ішінде 7 бағыттағы 19 реформаны жүзеге асырған. Мәселен, қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнес құру мен мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін жеңілдету арқылы бизнеске әкімшілік қысымды азайту және іскерлік ортаны жақсарту бойынша құнды шаралар жүзеге асырылды.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде көрсетілген индикаторлар талаптарына негізделген механизмдер өз қызметін дұрыс атқарған жағдайда, әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру стратегиясы мерзімінен бұрын жүзеге асатынына күмән жоқ.

 Н.ҚАЛМАҒАНБЕТОВ,

Шалқар аудандық әділет басқармасының  іс жүргізушісі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button