Білім

Балалар қатты қуанып жүр

№51 гимназия жанынан «Балдәурен» жазғы демалыс лагері ашылғанына балалар да, ата-аналар да қуанып жүр.

Оқу жылы аяқталысымен балалардың жазғы лагерьге баруға асығатыны бәріне мәлім. Олардың қуаныш пен шаттыққа толы естеліктері осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Сондықтан №51 гимназия директорының қолдауымен маусым айында «Балдәурен» жазғы сауықтыру демалыс лагері ашылды. Гимназия медбикесі балалардың денсаулығын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүгізді. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмады. Арнайы бекітілген ас мәзіріне сәйкес, балаларға үш мезгіл тамақ берілді.

«Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалардың көңілді демалуына әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар ұйымдастырылды. Күн сайын гимназия тәлімгерлері мен мұғалімдері мерекелік шаралар өткізіп, балалардың демалысын қызыққа, қуанышқа толтырды. Балалар планетарийге, «Шағала» бассейніне, «Локомотив» кинотеатрына, «Керуен сити» кинопаркіне және саябақтарға барып, жақсы демалды.

Балалардың есінде қалатын осындай қызықты, көңілді жазғы демалыс лагерін ұйымдастырған №51 гимназия директоры Гүлназия Дәрібаеваға ата-аналардың алғысы шексіз.

Ақтөбе қаласы,

№51 гимназиядағы

«Балдәурен» лагерін ұйымдастырған ұжым.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button