Спорт

Олимпиада: соңғы жаңалықтар

Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан XXI қысқы олимпиада ойындарында ерлер арасында жеке мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама аяқталды.

Бағдарлама қорытындысы бойынша 76,24 балл жинаған жерлесіміз Денис Тен әзірше 10-шы орынға тұрақтаса, тағы бір спортшымыз Абзал Рақымғалиев 55,88 баллмен 26-шы орында тұр. Бұл бағдарлама бойынша ресейлік Евгений Плющенко алда келеді. Одан кейінгі орындарға американдық Лайсачек Эван мен жапониялық Такахаси Дайсуке жалғасты.

Енді мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарлама бойынша өнер көрсететін болады. Еркін бағдарлама бойынша жарыстар бүгін, бейсенбі күні өтеді. Қысқа бағдарлама мен еркін бағдарламаның нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған спортшы, олимпиада чемпионы атанады.

***

Кеше әйелдер арасында конькимен 500 метрге жүгіру жарысы болды.

Бұл сында Қазақстан намысын қорғаған Екатерина Айдова финалға қатысқан 35 спортшының ішінен 18-ші орынды алды. Бұл жарыста кореялық Ли Санг-Хва жеңіске жетіп, олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлде германиялық Вольф Дженниге бұйырды. Ал, қола медальді қытайлық Ванг Бексинг жеңіп алды.

***

Қазақстандық биатлоншы   Елена Хрусталева      10 шақырымға   ізге  түсу   жарысында        үздіктер      ондығына  кіре алмады.

Біздің  командамыздың үздігі,  жарыс  жолына  бесінші  болып  шыққан ол      нысана дәлдеуде    бірнеше қателік жіберіп алып, күштілердің  тобынан   қалып қойды.   Сөйтіп,   Елена   мәреге    он бірінші  болып келді.  Оның командалас  құрбысы  Анна Лебедева  44-ші  орынды місе тұтты.

Жарыстың  бұл түрінде  германиялық   Магдалена Нойнер   Олимпиада чемпионаты атанды.  Екінші     орынды   словакиялық  Анастасия Кузьмина еншілесе,  үшінші  орын  француз биатлоншысы  Мари  Лон  Брюнеге бұйырды.

Ал 12,5 шақырымдық ізге  түсу  жарысына қатысқан солтүстікқазақстандық Ян Савицкий мен      ақмолалық      Александр  Червяков үздік «елудің»   қатарына кіріп  отыр. Ян Савицкий   мәре  сызығын 27-ші болып  кессе, Александр  Червяков көмбеге 49-шы болып  келді.

Бұл  жарыста швед Бьорн Ферри  жеңімпаз  атанды.    Ал екінші  орынды  австриялық  Кристаф Зумман иеленсе,     үшінші  орынға  француз Винсент Жей  табан тіреді.

Kazinform.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button