Білім

«Тұлпардың» табысы

Қобда ауданы Жарық орта мектебінде студенттер каникул кезінде уақыттарын тиімді пайдалануы үшін жыл сайын әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Биыл «Толағай» атты спорттық сайыс өтті.

Сайысқа  ұстаздардан, студенттерден және оқушылардан құралған 3 команда қатысты. Сынға түсушілер 9 түрлі тапсырманы орындап, өзара жарысты. Жарық орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Максим Танышкунов ойын ережесімен таныстырып, өзі қадағалап, жүргізді.

Тартысты өткен сайыста Ақтөбеде оқып жатқан студенттерден құралған «Тұлпар» командасы І орынды жеңіп алды. Ал оқушылардан құралған «Сұңқар» командасы ІІ орынды, мұғалімдердің «Қайрат» командасы ІІІ орынды ие иеленді.

Данияр Кустанаев,

Ақтөбе сәулет-құрылыс колледжінің ІІІ курс оқушысы.

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button