Ресми

ХАБАРЛАМА

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының,  бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың және кандидаттардың сенім білдірілген адамдарының назарына:

Облыстық сайлау комиссиясы Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша таңдаушылардың бірлескен отырысы 2017 жылғы 28 маусымда сағат 9.00-де облыс әкімдігінің конференц-залында өтетіндігін хабарлайды (тіркеу сағат 8.00-ден басталады).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес дауыс беру күні дауыс беруге арналған пункт ашылған кезден бастап және дауыстарды санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін дауыс беруге арналған пунктте бір мезгілде әрбір кандидаттан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралдарынан бір-бір өкілден және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.

Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушысының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады.

Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдардан, сондай-ақ,  бұқаралық ақпарат құралдарынан сайлау күні өздерінің байқаушыларының (өкілдер) қатысатыны туралы күні бұрын хабарлауы сұралады.

 Облыстық сайлау комиссиясы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button