Ресми

Байқауға қатысуға шақырады

Мәдениет

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы  көрнекті ғалым-заңгер, мемлекет қайраткері  Нағашыбай Аманғалиұлы Шайкеновке (1947-2000) Ақтөбе қаласында орнатылатын  ескерткіштің ең үздік эскиздік жобасына шығармашылық байқау жариялады.

Байқаудың мақсаты — белгілі тұлғаның бейнесін ашатын, аса мәнерлі мүсіндік көркемдік туындыны дүниеге әкелу. Сондықтан да байқауға қатысуға еліміздің қалаларының  көркемдік-өндірістік шеберханалары, шығармашылық одақтар, заңды және жеке тұлғалар шақырылады.

Байқау құжаттарының электрондық үлгісін 2017 жылдың 27 маусымына дейін Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан алуға болады.

Конвертке салынған байқауға қатысуға өтініштер 2017 жылдың 5 шілдесіне дейін  Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына мына мекенжайға тапсырылады: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 658-кабинет.  Байланыс телефоны: 8 (7132) 54-55-20.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button