Мәдениет

Театр маусымы аяқталды

 Т.Ахтанов атындағы драма театрдың орыс труппасы өзінің 52-ші, қазақ труппасы 25-ші, «Екі езу» труппасы 19-шы  театр маусымдарын аяқтады.

13 маусым күні «Екі езу» труппасы 19-шы театр маусымын «Командос» (Авторы Н.Жұбатқан)  комедиясымен жапты.

Қойылымнан кейін Ахтанов театрының директоры жыл қорытындысы бойынша Гүлзат Ермағанбетованы «Үздік актриса», Құралбек Құрманғалиевті «Ертегі үздігі» номинацияларымен марапаттап, ақшалай сыйақы тапсырды.

14 маусым күні орыс труппасы театр маусымының жабылу салтанатында ресейлік режиссер Алексей Орлов қойған Кен Людвигтің «Примадонны» спектаклін көрсетті. Спектакльден соң қалыптасқан дәстүрге сай өткен маусымның жыл қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі болды.

«Жылдың үздік актері» номинациясы «Примадонны» спектакліндегі Лео және  «Забыть Герострата» спектакліндегі Тиссафен рөлдері үшін Валихан Кенжебаевқа берілді. «Екінші пландағы үздік актер» номинациясына «Примадонны» қойылымындағы Доктор Майерс  және «Забыть Герострата» спектакліндегі түрме тұтқыны рөлдері үшін Илья Пятов ие болды. Ал актриса Серафима Приставка  Мэг («Примадонны») және Клементина («Забыть Герострата») рөлдері үшін «Жылдың үздік актрисасы» атанды.

Кеше Т.Ахтанов атындағы драма театрдың ел Тәуелсіздігімен құрдас қазақ труппасы өзінің ширек ғасырлық маусымын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, майталман режиссер Н.Жақыпбай қойған  «Махаббат мұңы» (Т.Ахтанов) спектаклімен тәмамдады.

Жыл қорытындысы бойынша актриса Асила Төреғалиева режиссер Елтай Кемал қойған «Құрдастар» (Т.Мәндібай) спектакліндегі Қамажай рөлі үшін «Үздік актриса», ал актер Бексұлтан Ізтаев бірнеше сәтті шығарған бейнелері үшін «Үздік актер» деп танылды.

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button