Рухани жаңғыруҚұқық

Сот төрелігін жетілдіру — заман талабы

Еліміз халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретінде өзіндік орын алғаны баршаға аян. Соның айғағы ретінде биыл жыл басында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болғанын мақтанышпен айтқан жөн.

Тәуелсіздіктің арқасында еліміз жаһандық дамудың  қазақстандық үлгісін жасауда. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бұл жағдай кеңінен әңгімеленген, халқымыздың біртұтас ұлт ретінде қалыптасуының жолдары, яғни ұлттық рухымыздың маңыздылығы айқындалған.

Қазақ елі ежелден әйелдердің қоғамдағы орнының ерекшелігіне үлкен мән береді. Уақыт талабына сай қоғамда өзгерістер болғанымен, сол тәрбиелік маңызы зор дәстүрді халқымыз сақтай білген.

Мемлекет басшысы осы мақаласында ұлттық кодты сақтай отырып, кертартпа әдеттерден арылып,  тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерді дамыту қажеттігін де баса айтқан болатын.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы № 248 Заңымен қосылған, 1979 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған «Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның» 11-бабының 1-тармағының е)-тармақшасына сәйкес, қатысушы мемлекеттер әйелдерге қарсы кемсітуді жойып, жұмыспен қамту саласында ерлер мен әйелдердің тең құқығы негізінде құқығын беру үшін соның ішінде зейнетке шығуға байланысты әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығына қатысты барлық шараларды қабылдайды.

Әйелдердің сот төрелігіне қолжетімділігін кеңейту мәселесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотының тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде жергілікті соттарда әйелдердің құқығы мен бостандықтарын қорғауға қатысты істер заңға сәйкес шешімін табуда. Мысалы, отбасы-тұрмыстық қатынастардан туындайтын әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер, неке және отбасы қатынастарына байланысты азаматтық істер, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық құқықбұзушылық туралы істер заңда көрсетілген мерзімде қаралып, тиісті шешім табуда.

Сот істерін қараумен қатар, аудандық сотта сот төрелігіне әйелдердің қолжетімділігі мәселесіне байланысты түсіндіру жұмыстары да өз деңгейінде жүргізіліп жатыр.

Оралбек БАҚТЫГЕРЕЕВ,

Шалқар аудандық

сотының төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button