Құқық

Прокурорлық қадағалау тиімділігі

Биылғы мамыр айынан бастап облыста қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің базаларында азаматтардың мүдделерін қылмыстық процесте оңтайландыру бойынша пилоттық жоба кезеңмен жүзеге асырылды. Аталған жобаның негізгі мақсаты —азаматтардың өзекті мәселелерін барынша шешу және процесті жеңілдету. Оны қолданудың қажеттілігі мен тиімділігі күнделікті өмірде дәлелденді.

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров Ақтөбе қаласындағы Зауыт полиция бөлімінде аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында орын алған проблемалық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады.

Сонымен, жоба аясында қандай оңды нәтижелер көрінді? Мәселен, қысқартылған тәртіпте сотқа қылмыстық істерді жолдау 10 күнге дейін төмендеді. Бұл бұрын 30 және одан көп күнге созылатын.

Прокурордың түскен істерді зерттеуі 1 күнге дейін қысқартылды, бұрын бұл мерзім 10 күн болатын. Үш айда қысқартылған тәртіппен 45 қылмыстық істің 35-і сотқа жолданған.

Істі тергеуде тергеушінің жұмсалатын уақыты және ішкі істер органдарына жәбірленушілер, куәлер және басқа да тұлғалардың келуі азайды.

Полиция бөлімінің ғимаратында кезекші прокурордың күнделікті болуы қамтамасыз етілді, оның міндетіне қылмыстық істі зерттеу және сол жерде шағымдарды қарау кіреді.

Енді арызданушыға прокуратураның басшылығына жазбаша жүгінуге, инстанцияларда жүру қажеттігі туындамайды, кезекші прокурор арқылы қағаз айналымының әуре-сарсаңынсыз шағымдар шешілетін болады.

Процеске қатысушыларға қысым көрсету және азаптауларды болдырмау мақсатында полиция бөлімінде барлық тергеу әрекеттері тәсілін көруге мүмкіндік беретін бейнебақылаумен жабдықталған ашық бөлмелер жұмысқа қосылды.

Мұның бәрі қылмыстық процесті тиімді әрі оңтайлы жүргізуге мүмкіншілік береді, сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын жояды.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button