Мәдениет

«Ортекеден» олжалы оралдық!

Фестиваль

«Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы» атты бағдарламасының және Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында өткен аптада Шымкент, Түркістан қалаларында «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі ұйымдастырылды.

Облыстық «Алақай» қуыршақ театры аталмыш өнер додасына орыс классигі Н.Гогольдің кішкентай адамның тағдыры жайындағы «Шинель» повесінің желісімен қойылған «Шапан» спектаклімен қатысты. Фестивальдің ашылу салтанаты Түркістан қаласында өтті. ҚР еңбек сіңірген артисі, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Құралай Халекетқызы бастаған қазылар алқасының құрамында Мевлут Озхан («Унима» қуыршақ театрлары халықаралық одағының Түркиядағы өкілі, сыншы), Вадим Александрович Смирнов (РФ еңбек сіңірген артисі, Орынбор мемлекеттік облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі), Сабила Абуева (ҚР еңбек сіңірген артисі, Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы), Михаил Константинов (Д.Танасоглу атындағы Гагауыз ұлттық театрының директоры) болды. Дүбірлі додада шетелдер мен елімізден 8 театр бақ сынасып қана қоймай, өзара тәжірибе алмасты.

Фестивальдің қазылар алқасының шешімімен облыстық «Алақай» қуыршақ театрының «Шапан» спектаклі «Ең үздік спектакль» деп танылып, бас жүлдені жеңіп алды. «Алақайлықтарға» фестивальдің арнайы дипломы табысталды.

Арай ҒАЛЫМБЕКҚЫЗЫ,

театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.            

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button