Құқық

Балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Бір көліктен 13 қап сазан немесе 195 келі балық табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

8 маусым күні Ырғыз ауданының жергілікті полиция қызметкерлері Ырғыз-Көтекөл тасжолы бойында «Опель Зафира» автокөлігін тоқтатты. Полицейлер көліктің ішінен заңсыз ауланған сазанның 13 қабын тапты. Барлығы 195 келі балық шықты.

Қазіргі таңда 22 жастағы жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бап 1-бөлімі бойынша айыпталуда.

Қамбар МҰҚАШЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button