Мәдениет

Әбіштану кабинеті ашылды

Руханият

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде  Әбіш Кекілбаев атындағы оқу кабинеті ашылды.  Мақсат —  халық жазушысының өмірін, әдеби мұраларын насихаттау.

Әбіштану кабинетінің ашылу салтанатына арналып «Туған жер — киесі, дархан дарын — иесі» атты әдеби кеш өтті.  Шарада колледж директоры Е.Нұрғалиев жазушының мол мұрасы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына екенін айтып, оқушылар мен ұжымды құттықтады.

Бұл оқу кабинетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестігі оқытушыларының жетекшілігімен жазушының  тіл  шеберлігі зерттеледі және «Әбіш тағылымы» атты студенттердің  ғылыми жұмыстары жүргізіледі.

Әдеби кеште «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оқушылары жазушы шығармаларынан көріністер қойды.  Жасұлан  Төретаев  «Шыңырау» повесін,  республикалық Әбіш оқулары байқауына қатысқан  Заманай Қайнарұлы  «Үркер» романынан   үзінділер оқыды.

Нұргүл АМАНОВА,

Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button