Құқық

Колония қызметкерлерінің қылмысы расталды

Наурыз айында  облыстық прокуратураға КА-168/3 мекемесінде жазасын өтеуші аталған мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты шағымданған болатын.  Арыз-шағымды қарау барасында талапкердің  дәлелдемелері  расталды.  Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы прокурорлар басқармасы сотқа дейінгі өндірісті  бастады.

Тергеп-тексеру барысында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УКА-168/3  бақылау қызметі  бөлімінің  бастығы міндетін атқарушы мекеменің жедел уәкілі және аға бақылаушымен бірге сотталған Н-ны тәртіптік изоляторға заңсыз қамаған. Сөйтіп, оған күш көрсетіп, азаптаған.

Тергеп-тексеру барысында мекеме қызметкерлерінің  іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бап 2-бөлімі бойынша тергелді. Тергеу барысында күдіктілердің бірі өз кінәсін мойнына алды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button