Білім

Біліктілік көтеру — кәсіби міндет

Өткен аптада Бөгетсай орта мектебінде «Біліктілік көтеру — кәсіби міндет» тақырыбында мұғалімдердің Хромтау аудандық фестивалі өтті.

Фестивальға Бөгетсай, Сәтпаев, Тасөткел, Аққұдық, Құдықсай, Ойсылқара орта мектептерінің мұғалімдері қатысты. Бір топ мұғалімді Хромтау аудандық білім бөлімінің әдіскерлері З.Ташиғұлова, Б.Тәңірбергенова мен Г.Жолмағанбетовалар бастап келді.

Әр мектептің мұғалімдері 12, 13-санатқа біліктіліктерін көтеру мақсатында қазіргі жаңа технологиялар арқылы сабақ беріп, шығармашылық жұмыстарын қорғады. Мәселен, бір ғана Бөгетсай орта мектебін алайық. Бұнда орыс тілі пәнінің мұғалімі Ж.Шакиева сабағын саяхат түрінде жүргізсе, бастауыш сынып мұғалімдері А.Талдықбаева, информатика пәнінің мұғалімдері А.Исмағұлов, Ш.Мұқашева, Ж.Сауанов, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Школова, еңбек пәнінің мұғалімі А.Елемесова және басқа да мұғалімдер түрлі жаңа технологияларды пайдаланып,  сабақтарын қызықты өткізді.

Фестиваль соңы Бөгетсай орта мектебінің көркемөнерпаздар үйірмесінің «Ұстаздарға мың алғыс» атты концертіне ұласты.

Азель ЖАНҚҰЛОВА,

Бөгетсай орта мектебінің түлегі.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button