Спорт

Дәстүрлі жарыс өтті

Ойыл селосында Ұлы Отан соғысына қатысушы, гвардия аға лейтенанты, ауданда ширек ғасыр дене тәрбиесінің мұғалімі болған Қожас Қарабалиевті еске алуға арналған волейболдан 13-ші дәстүрлі аймақтық турнир өтті.

Бұл жолғы жарысқа он команда қатысты. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының,  Ақтөбе облысының Байғанин, Темір, Мұғалжар, Алға, Қобда, Ойыл ауданының бірнеше командалары бар.

Аса тартысты, шеберлікпен өткен додада бірінші орынды Ойыл ауданының құрама командасы, екінші орынды қобдалықтар, үшінші орынды Ақтөбе мұнай-газ колледжі жеңіп алды.

Осы күні мұнымен қатар, аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің екінші волейбол алаңында алғаш рет Ұлы Отан соғысына қатысушы, еңбек ардагері Жаңыл Зұлқарнайқызы Бақтыгелдинаны еске алуға арналған волейболдан әйелдер арасындағы жарыс өткізілді. Оған Атырау облысының Қызылқоға, Ойыл ауданының Ойыл селосы және аграрлық колледждің және Саға ауылының құрама командалары қатысты.

Жарыс қортындысында Ойыл құрама командасы жеңімпаз деп танылды, екінші орынды Саға ауылының, үшінші орынды Қызылқоға ауданының құрама командасы иемденді.

Аталған жарыстардың жүлделік қоры 200 мың теңгені құрады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар, ескерткіш жүлделер тапсырылып, ақшалай сыйлықтар берілді.

Жарысты ұйымдастыруға аудандық әкімдік көмектесті. Жарыстың ашылуы мен жабылуына аудан әкімі Б.Күзембаева қатысты.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button