Ауыл

Түлектер табанталда бас қосты

Туған жерге тағзым

Өткен аптада «Туған жерге тағзым» акциясы аясында бұрынғы Мағаджан орта мектебінің 1981 жылғы түлектері өздерінің туып-өскен жері Табантал ауылында кездесті.

Мектеп бітіргендеріне 36 жыл толған түлектер ауылды аралап, табиғат аясына шығып, өткен шақтарын еске түсірді. Одан кейін ауылдағы әкімдікке барып, Табантал селолық округінің әкімі Шолпангүл Қалиеваға өздерінің сый-сияпаттары мен жинаған қаржыларын табыс етті.

Селолық округ әкімінің айтуынша, түлектер жинаған қаржы ауылдағы Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш жанына салынатын саябаққа жұмсалады. Болашақта бұл саябақ демалыс орнына айналмақ.

  • Биыл «Туған жерге тағзым» акциясы аясында алғаш рет 1981 жылғы мектеп бітірген түлектер бастама көтеріп, өздері қаржы жинап, ауылдың гүлденуіне өз үлестерін қосып жатыр. Алдағы уақытта ауылымызға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға осы түлектердің жинаған қаржысын қосып, ауылдағы саябақты қоршағалы отырмыз, — дейді Ш.Қалиева.

1981 жылғы түлектер Табантал ауылынан шыққан түлектерді «Туған жерге тағзым» акциясына қатысып, қолдау көрсетуге, ауылдың гүлденуіне үлес қосуға шақырады.

Данагүл ТАУАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button