Спорт

Жандостың жетістіктері

Облыстағы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен қызметкерлердің спорттық шеберліктерін арттыруға ерекше ден қойылады. Осындағы полиция батальонының қызметкері, полиция сержанты Жандос Дәмешов бұл ретте көпке үлгі болып жүрген азамат.

Жандос Маратұлы ішкі істер органында жұмыстың қиыншылығына қарамай спорттық жарыстардан да қол үзген емес. Ол республикалық, халықаралық жарыстарда өзінің күшін сынап, жеңіс додасының биік шыңдарынан көрініп жүр.

Жандос кикбоксингтен Ресей Федерациясында өткен халықаралық турнирде чемпион атанды. Сондай-ақ панкратионнан Түркиядағы чемпионатта алдыңғы қатардан көрінді. Ол Үндістан, Өзбекстан, тағы да басқа елдерге барып, ірі жарыстардан жүлдегер болып оралды.

Жандос қызметтік міндеттерін адал атқарғандығы және спорттағы жеңістері үшін Ішкі істер министрлігі басқарма басшылығы тарапынан бірнеше мәрте марапатталды.

Жандос биылғы ақпан айында Челябинск қаласында әмбебап жекпе-жектен өткен жарыста бірінші орынды, ал наурызда бокстан Ақтөбе облысы чемпионатында үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, ол сәуір айында Атырау қаласында кикбоксингтен өткен Қазақстан чемпионатына қатысты.

Қызмет барысында ылғи да алдыңғы шептен табылатын Жандос Дәмешовтің спорттағы жетістіктері өзге әріптестеріне үлгі.

 Мөлдір НҰРМАНОВА,

күзет қызметінің аға инспекторы,

полиция аға лейтенанты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button