АуылӘлеумет

Кәсіпкердің үлесі

Туган жерге тағзым

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен аймақта жүзеге асырылып жатқан «Туған жерге тағзым» акциясына қатысу — әр азаматтың парызы. Акцияның мақсаты — перзенттері туған жердің көркеюіне, гүлденуіне үлес қосу. Аталған акцияның шарапатын қазір әрбір ауылдың тұрғындары сезінуде.

Игілікті шара аясында ауылдардағы әлеуметтік құрылыстардың материалдық базасы толығып,  келбеті көркеюде.

Никельтаулық Мақсат Бейсеупов  ауылдың көркеюіне атсалысқанды жөн көрді. Ол ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойы қарсаңында ауылда бой көтерген «Тәуелсіздік» стелласының жан-жағын қоршап берді.

Еліміздің мерейлі мерекесі тұсында бой көтерген  стелла ауылға сән беріп тұр. Бұл ескерткіш әрбір азаматтың ойына еліміз егемендікке қалай қол жеткізгенін, тәуелсіздігіміздің баянды әрі тұғырлы болуын меңзейтін мәдени тұғыр болмақ. Жақында осы стелланың айналасын «Никельтау жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, ауыл азаматы Мақсат Байсеупов өз қаражатына қоршап берді. «Туған жерге тағзым» акциясына үн қосып, кәсіпкердің осындай игілікті іс атқарғанына ауылдықтар дән риза, — дейді ауыл әкімі Нұрлан Әлмұратов.

Ауыл әкімі қоршалған маңайды көгалдандыру жұмыстары қолға алынатынын айтады. Егемен елдің мерейтойына арналған еңселі стелланың гүлденген аумағы ауыл ажарын осылайша айшықтай түспек.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button