Басты бет » Әлеумет » Қыз-келіншектер 40 түп емен екті

Қыз-келіншектер 40 түп емен екті

Көктем келіп,  қаланы тазалау, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шаһардың таза да әдемі болуына қыз-келіншектер де өз үлестерін қосуда. Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханованың ұйымдастыруымен кеңестің белсенді мүшелері сенбілікке шықты.

Олар Ғ.Жұбанова атындағы көшенің бойындағы қала әкімдігі тарапынан бөлінген 10 сотық жерге 40 түп емен ағашын екті.

— Біз барша қала тұрғындары сияқты өз қаламыздың таза, әсем болуын қалаймыз. Оған өз үлесімізді қосу — басты міндетіміз. Бүгінгі қолға алған ісіміз соның айғағы іспеттес. Болашақта осы жерді өз күтімімізге алып, облыстық іскер әйелдер кеңесінің бағы етіп жасақтау ойда бар, — дейді облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова.

Әр ұжым осындай игі бастаманы жалғастырып, өз үлестерін қосса, қаламыз көркейіп, жаңара түсер еді.

Ирина ҚОСПАҒАНБЕТОВА.