Білім

Ұланың мүшәйрада топ жарды

Жақында Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Мұқағали — мәңгілік жыр» атты жыр мүшәйрасы өтті.

Кешке ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағали, ұлы ақынның рухани қарындасы Фариза Оңғарсынова, ақын Күләш Ахметова қатысты.

Жыр мүшәйрасында бұған дейін де республикалық Абай, Мұқағали оқуларының жеңімпазы боп жүрген М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 2008 жылғы түлегі Балтабек Нұрғалиев бас жүлдені жеңіп алды.

Балтабек — бүгінде қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймағы шоғырланған Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті. Өз талантын Алматыда да мойындатып жүрген жас.

Ақбаян ӨТЕПОВА,

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті.

Алматы қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button