ЖеңісМереке

Ерлік естелігі

Акция

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Зеңбірек» ескерткіш-белгісі алаңында «Қаһарман Ұлт» жалпыреспубликалық акциясы аясында «Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың» атты ерлік сағатын өткізді.

Шара салтанатты түрде мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды. Оқырмандар қан майданда мерт болған ерлердің рухына, елі үшін отқа түскен батырлардың ерлік істеріне бас иіп, үнсіздікпен еске алды.

Шараға Ұлы Отан соғысының тыл-еңбек ардагері Рашит Құрбанаев, Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Жалғас Айжанов, Ақтөбе облыстық Ауған соғысы жауынгер-интернационалистер қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты.

Мерекелік бағдарламада балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының барабаншылар тобы марш орындап, «Атамекен» өлкетану-патриоттық клубының мүшелері «Іздерің мәңгі өшпейді» тақырыбында өлеңдер оқыды. №51 мектеп-гимназияның «Мұрагер» ансамблі, №1 музыка мектебінің оқушысы Аңсар Жүсіп патриоттық әндер шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button