Жеңіс

Менің атам

Менің атам Жұмағазы Махимов — «Даңқ» орденінің иегері. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Ол Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Темір педагогикалық училищесін, одан кейін Ақтөбе педагогикалық институтын бітіріп, мұғалім болып жұмыс жасаған. 1942 жылы әскер қатарына шақыртылып, Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан. Осы шайқастағы ерлігі үшін оған орден берген.

Соғыстан аман-есен оралған ол елге келген соң мұғалім болып жұмысын жалғастырған.

Жеңістің 65 жылдығында Шұбарқұдық кентіндегі бір көшеге оның есімі беріліп, қызмет жасаған мектептің алдына мемориалдық тақта ілінді.

Біз майдангер аталарымыздың арқасында бүгінде бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да біз оларға қарыздармыз. Олардың ерлігіне бас иіп, тағзым етеміз.

Жібек ТӨЛЕУЛІ,

№56 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button