Ресми

Жекешелендіру жоспарына сәйкес

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі №194 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен жекешелендірудің Кешенді жоспары аясында Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіндегі 9 ұйым жекешелендіруге жоспарланған, оның ішінде: «Намыс» спорт түрлері бойынша клубы» МКҚК, «Ақтөбе-агросервис» ЖШС, «Ақтөбе Таза Қала» ЖШС, «Ақтөбе облысының мемлекеттік-жеке әріптестік өңірлік орталығы» ЖШС, «Ақтөбе» аймақтық индустриялды технопаркі» ЖШС және «Хромтау-тазалық» ЖШС.

Одан басқа, 2017 жылы «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ-мен жекешелендіруге жататын 3 объекті жоспарланған, олар: «Aktobe Steel Production» ЖШС, «Asia Agro Holding» ЖШС және «Актобетермококс» ЖШС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button