Ауыл

Дін мен дәстүр — егіз ұғым

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы

Осы аптаның басында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында  жұмыс тобының 1 және 4 бағыттары Байғанин ауданында іс-шаралар ұйымдастырды.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов бастаған жұмыс тобының құрамында ҚМДБ өкілдері мен теолог мамандар, дінтану пәнінің мұғалімдері бар. Олар аудан орталығындағы 4 мектеп пен Жарлы ауылындағы Байғанин орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Жиында  топ мүшелері  жастарды теріс идеологияның құрбаны болмауға шақырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеу, құрметтеу туралы мазмұнды әңгіме айтып берді.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің  жанынан ашылған әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының жетекшісі Талшын Қожахметова аудандық орталық мешітте, аудандық музыка мектебінде әйел жамағатымен кездесіп, ислам діні мен ұлттық салт-дәстүріміздің тығыз байланысы туралы жан-жақты айтып берді.

Сондай-ақ, Талшын Қожахметова  аудандық ауруханада екпеден бас тартқан ата-аналармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

Жыл басында аудан бойынша екпеден бас тартқан 84 бала болса, қазір олардың саны — 78.

Байғанин ауданына сапары барысында жұмыс тобы аудандағы 4 мешітте  жамағатпен кездесіп, ел бірлігі туралы уағыз айтты. Сонымен қатар аудандық орталық мешітте имамдарға, аудандық жастар ресурстық орталығында  әйел жамағатына арналған семинар ұйымдастырды.

Ауданда «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 21 сәуірден бері дінтанушы  Дастан Желеуов арнайы дәрістер өткізіп жатыр.

Түсіндіру жұмысының қорытындысында 4 елді мекенде барлығы 26  іс-шара ұйымдастырылды.

 Рита ХАЛЫҚҚЫЗЫ,

Байғанин ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button