Ауыл

Нұраға су келді

Ауыл тынысы

Биылғы көктемде жоғарыдан  мол су келіп, өзен-сулары арнасынан асқан Нұра ауылының тұрғындарының қуанышында шек жоқ.  Ен судың ортасында орналасқан мекеннің алдағы шаруасы да өрге басса керек.

— Биыл да өңірдегі өзен, көлдерге су келіп, тұрғындар жылдағы үрдіспен бақша салуға қамдануда, — дейді Нұра ауылдық округінің әкімі Жолаушыбай Төлебай, — Ырғыз өзенінен тасыған су Телғара өзені арқылы Нұра ауылының іргесінен өтетін Торғай өзеніне құйды. Енді Қостанай облысынан Өлкейек, Торғай өзендеріне де қосымша су келеді. Осылайша ауылдық округтегі өңірлер мол суға кенелмек.

Әкім соның арқасында көп жұмыстардың қолға алынатынын айтады. Ауыл тұрғындары жыл сайын бақша кәсібімен айналысуды жолға қойған. Биыл да округтегі бес шаруа қожалығы, жекелеген адамдар бақша егуге қамданып жатыр.

Сондай-ақ, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Нұра ауылында саябақ салынбақ. Белшер ауылының тұрғындары асар ұйымдастырып, орталарындағы  жағдайы төмен азаматқа тұрғын үй салуды бастап кетті. Ауыл жастары саман кірпіш дайындауға кіріссе, ағайындары құрылыс материалдарына қосымша қаржы жинап берді.

 Марат МЫРЗАЛЫ,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button