Ауыл

Балаларға демеушілік көрсетті

Ауыл тынысы

Аудандық Мәдениет үйінде білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейрімді жүрек» акциясы өткізілді.

Алғашқылардың қатарында аудандық кәсіпкерлер  қоғамының төрайымы Мәдина Ысқақова Ащылысай орта мектебі жанындағы «Балапан» балабақшасының бүлдіршіндеріне өз қаржысына ойыншықтар сатып алып берді. Бұл акцияға қатысушылардың бір бөлігі аудандағы қолдау мен қамқорлық күткен балалардың банкідегі есепшотына қаржылай үлес қосты.

Аталған шараға аудандағы қамқорлыққа зәру балалар, жасөспірімдер арнайы шақырылып, оларға қолдан келгенше демеушілік көрсетілумен бірге, ән-күйге бөлеп көңілдерін де көтерді.

 Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button