Ресми

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2017 жылғы 17 сәуірде №5441 болып тіркелді

Ақтөбе қаласы әкімінің

ШЕШІМІ                                                                                                                     

15.04.2017 ж.  №3

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50- бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №756 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №17 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 8-тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласының аумағында жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Алдияров Нағымжан Смағұлұлы тағайындалсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Алдияровқа жүктелсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қаласының әкімі І.ИСПАНОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button