Денсаулық

Тегін тексерді

Ашық есік күні

7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күнді атап өту  1950 жылдың 7 сәуірінен басталған. Мақсат —  қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, осы орайда түрлі іс-шаралар ұйымдастыру.

Биылғы денсаулық күні қарсаңында ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ұлттық сараптама орталығының Ақтөбе облысы бойынша  филиалы арнайы Ашық есік күнін өткізді. Үш күн бойы облыстың кез келген тұрғынына қаланың Ақтөбе көшесі, №74 ғимаратында орналасқан  облыстық  сараптама  орталығының  зертханаларында  тегін қызмет көрсетілді. Облыс және қала тұрғындары  бактериологиялық, паразитологиялық және аса қауіпті жұқпалы инфекциялар бойынша  тегін тексеруден өтті. Мәселен, шигеллы, сальмонелла, стафилококк, дифтерия, менингит, дисбактериоз, паразиттік жұмыртқаларға  қарсы  тексеріс түрлерін тегін өтуге мүмкіндік берілді.

Мамандар қаладағы қарттар мен мүгедектер үйіне барып, 60 адамнан сараптама алды. Сондай-ақ сараптама орталығының Мәртөк, Алға аудандарындағы  бөлімшелері де акцияға үн қосты.  Мамандар Алға  балалар  үйі мен  Жайсаңдағы  арнайы білім беру мекемесіне барды. Барлығы 110 бала тексеруден өтті.

Жалпы бұндай тексерулердің құны арзан емес. Алайда Ұлттық сараптама орталығының мамандары үш күн бойы тегін өткізіп, қайырымдылық жасады.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button