Денсаулық

Емханаға барып, өз санатыңды анықта!

Брифинг

2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осыған орай елімізде  республикалық науқан өткізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты.

Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап тұрғындарға медициналық қызмет екі пакет арқылы көрсетіледі. Бірінші —  базалық пакет, оның құрамына жедел-жәрдем, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде стационарлық көмек және профилактикалық егулер кіреді. Ал екіншісі — әлеуметтік пакет. Оның құрамына емханалардағы көмек және  амбулаторлық дәрі-дәрмектермен ақысыз қамтамасыз ету кіреді.

Базалық пакетті алуда ешқандай қиындық болмайды. Негізгі мәселе — әлеуметтік пакеттегі медициналық көмекті алу. Бұл әлеуметтік көмекті алу үшін міндетті түрде азаматтар сақтандыру жүйесіндегі статусын анықтауы керек. Негізінен бұл үш санатқа  бөлінеді, Олар —  жұмыс жасайтын азаматтар, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар және жеке кәсіпкерлер мен  өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындар. Әлеуметтік аз қамтылған топ бойынша 15 санат бар. Оларға жарнаны мемлекет төлейді. 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қиындықсыз медициналық көмек алу үшін республика деңгейінде  науқан өткізіліп жатыр. Әрбір азамат 5 сәуір мен 31 мамыр аралығында емханаға барып өзінің статусын анықтауы қажет. Қандай санатқа жататынын, қандай көмекті тегін алатынын білуі тиіс. Егер ешқандай санатқа жатпаған болса, жұмыспен қамту орталығына баруы керек. Ал ауылдағы азаматтар ауылдық округ әкімшілігіне баруы тиіс, — деді Әсет Қалиев.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button