Құқық

Сегіз қырлы, бір сырлы

Полиция

Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-полиция батальонының полицейі, полиция сержанты Еламан Дінахмет  — ұжым мақтанышы.

Өз ісінің білгірі, жауапкершілігі жоғары Еламанды әріптестері үздік спортшы ретінде де таниды. Ол басқарма ішінде ұйымдастырылған жарыстардан бастап, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық сайыстарға да қатысып, жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Айталық, жуырда ол қоян-қолтық жекпе-жектен қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, полиция майоры Руслан Мұқановты еске алуға арналған халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрініп, ІІІ орынға ие болды.

Дінахмет — спортқа ғана емес, әдебиетке де жақын жан. Сурет те салады. Абай мен Мағжан, Пушкин мен Лермонтов жырлары бойынша салған суреттері бар. Дінахмет оқыған туындылары төңірегінде өз ойын бөлісіп, пікір өрбіте жүретін ашықтығымен де баурайды. «Абай атамыз айтқандай, әр адам өз істеріне күн сайын есеп беріп жүретін болса ғой» — дегенді жиі айтады.

Өз ісіне деген адалдығына, талғамы мен талабына әрдайым тәнті етіп жүретін әріптесіміз Дінахметті халқымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» санайтын жандардың қатарынан деп білеміз.

 Ж.ЖОЛТАЕВ,

облыстық МКҚБ ММ

ПжТҚҰБ инспекторы,

полиция аға лейтенанты.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button